12:44, 01 Сәуір 2009
«Нұр Отан» партиясы көшпелі қабылдаулар ұйымдастыруда
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауының жұмысына оң баға беріп отыр.
Партия өкілдері оның жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында облыс аудандарына шығып, көшпелі қабылдаулар ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазығұрт ауданына барған жұмыс тобын партия филиалы Төрағасының орынбасары Шәріпбек Жамалбеков бастап барды. Алдын-ала жасалған хабарландыру бойынша қабылдауға 28 адам жазылды. Халықтың басым бөлігінің шағым-арызы тұрғын үй, жолдарды жөндеу, ауыз су, табиғи газ және электрлендіру мәселелеріне қатысты болды. «Нұр Отан» өкілдерімен бірге келген қаржы полициясы мен экономикалық сот қызметкерлеріне де қойылған сауалдар болды. «Біз барлық шағым-арыздарды тыңдап шықтық, ол ұсыныстарды жергілікті билік органдарында қарау және мәселенінің түйінін шешу үшін оларды назарға алдық. Аудандарда өткізілетін көшпелі кездесулер ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді талдауға мүмкіндік береді. Партия осындай кездесулер арқылы халықпен байланысқа шығып отыр», - деді Ш.Жамалбеков.