«Бүгінгі күні сайлауға қатысты ұйымдастырушылық шаралары аяқталды. Мен оның барлығымен танысып шықтым. Біз 25 қарашада партияның съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамамызды бекіткен едік. Ал сайлаудың штабы - бұл сайлау кампаниясын жүргізудегі басты және негізгі орталық. Сондықтан бұның жұмысы да жоғары болуы керек», - деді Елбасы.
Бұдан бөлек, Президент «Нұр Отанның» нағыз халықтық партия екендігін, бұл ретте елімізде өткен соңғы сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі партия саясатын қолдағанын атап өтті. «Партиямызда 850 мыңнан астам адам бар. Ал қолдаушылар барлық дерлік Қазақстан халқы. Бізде бастапқы ұйымдардың жеткілікті саны бар, елдің барлық өңірлерінде 500-ден астам филиалдарымыз жұмыс істейді. Қоғамдық қабылдаулар өткізіп, түрлі акцияларды жүзеге асырдық. Осының барлығының арқасында біз халықтың нені қалайтынын білеміз, қарапайым жұртшылыққа өмір сапасын көтеру үшін қалай көмек беру керектігін де білеміз. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқаны барысында біздің жетістіктерімізді және болашаққа деген стратегиялық жоспарларымызды халыққа жеткізе білуі керек», - деді Президент.
Сонымен қатар, Елбасы өзінің келер жылғы Жолдауы алдағы онжылдықтар бойынша өмір сапасын арттыру мәселелеріне арналатынын мәлімдеді.