Бұл туралы бүгін аталмыш қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов журналистермен болған брифингте мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда баспанамен қамтамасыз етуге қатысты өтініштер 11,7 пайызға, зейнетақы және төлемақыға қатысты өтініштер 3 пайызға, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен жұмысқа орналастырумен байланысты өтініштер 4 пайызға төмендеген. «Бұның басты себебі партияның қоғамдық қабылдау қызметі мемлекеттік баспана бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құзырлы органдармен өзара ынтымақтастықты жандандыра түсті. Сонымен қатар қазір қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін жетілдіру мақсатында жаңа қызмет түрлері енгізілуде. Айталық «Шаңырақ» бағдарламасы аясында тұрғындарға тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықпен байланысты мәселелер бойынша тегін ақыл-кеңес беріледі»,- деді Ж.Жүкенов.