sp;ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» партиясының бастауымен Батыс Қазақстан облысында атқарылып отырған шараларға халық қалаулылары да белсене атсалысып келеді.
Бұл туралы облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, облыстық мәслихат депутаты, «Нарын» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Кәкен Көбейсіновтің біраз уақыт бойы қозғау салуымен «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарында жасалған әскери сынақтардан зардап шеккен Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының тұрғындары үшін республикалық бағдарлама жасалды. Жаңақалада ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды. Елбасының инновациялық жобаларды қолға алу туралы тапсырмасына сәйкес Теректі ауданында жоғары сапалы өсімдік майын өндіретін зауытты тұрғызған «Батыс Күнбағыс» АҚ-ға депутат Мұрат Жаркеев жетекшілік етіп келеді. Сол секілді мұнайгаз саласына аса қажетті жабдықтарды шығарып жатқан «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ны депутат Әліби Ахметжанов басқарады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).