Оның айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айында 6 мың 932 өтініш келіп түссе, оның 2 мың 720-сы жазбаша түрде келген. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында Парламент Мәжілісінің депутаттары 548 адамды қабылдап, қазір олар аймақтарда жұмыс жүргізуде. Ал қыркүйек айынан бастап, Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Нұр Отан» партиясының фракциясына мүше Мәжіліс депутаттарының қабылдауы жалғасады.
«Қазіргі таңда партияның облыстық филиалдары аймақтарда Мәжіліс депутаттарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл тұрғындардың Парламент Мәжілісінің депуттарына жергілікті жерлердегі проблемалары бойынша тікелей кеңес алуларына мүмкіндік тудырады», деді Ж.Жүкенов.