"Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің айтуынша, кеше өткен партияның Саяси Кеңесінде ұсынылған өзгерістер қаралып, қабылданды. Осыған орай С.Ахметов, Б.Берсебаев, Ә.Жүнісова, Н.Саясат, В.Талаев, Н.Сыдықов, Э.Сыздықов Саяси Кеңес құрамынан шығарылды.
Ал олардың орнына саяси кеңес мүшесі болып Шахмардан Байманов, Наталья Годунова, Қаныбек Жұмашев, Гүлжан Қарағұсова, Асқар Мырзахметов, Елена Паули, Серік Сәпиев, Нұри Тұңғышев сайланды.