"Бүгінгі таңда партияда xалықтың барлық топтарын қамтитын нақты іс-қимыл жоспары, штаб жұмысының күнтізбесі, сонымен қатар медиажоспар жасалды. Барлық ел бойынша 16 аймақтық және 208 аумақтық сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылады. Ол жердерде "Нұр Отан" партиясының сенімді өкілдері мен кандидаттар xалықты арыздар бойынша қабылдап отыратын болады", - деді "Нұр Отан" партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Абылайxан Оспанов.
Оның сөзі бойынша, сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелері 20 ақпаннан бастап іске кіріспек.