«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысмен Бейсенбай Тәжібаев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Бейсенбай Тәжібаев бұғандейін Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін «NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздің бірнешеоблыстарын аралап, онда жергілікті атқарушы орган басшыларының партиялықжауапкершілігін күшейту және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттықфракциялардың рөлін арттыру туралы бірқатар мәселелер талқыланған. Оның ішіндетез арада шешімін табуы тиіс проблемалық объектілер жеке партиялық бақылауғаалынған болатын.

Арыс қаласынажасаған іс-сапарынан соң Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасындапартияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарыныңүстінен көптеген шағымдар түскенін жазды.

«Филиал төрағасымен келісе отырып, бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтықбюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолданукерек деп есептеймін. Жалпы, халықтың партияға деген сенімін арттыру үшінпартиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазарту» жұмыстарын жүргізуқажет», – деді ол.

Айта кету керек,«Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияны «қайта жүктеу»және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұған дейін ЕрланКаналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарыболып тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар