«Нұр Отанның» қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы түсіндірілуде - ОҚО

ШЫМКЕНТ. 19 маусым. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бүгін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына байланысты сұрақтарға жауап берілуде.

Бұл бағдарламаның аясында Шымкентте жыл ішінде шамамен 20 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жұмысқа қалай тұруға болады, қайда шағымдану керек және бұл бағдарлама қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы сұрақтарға «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков, ОҚО әкімдігінің өкілдері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасының бастығы, әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестіктердің, шағын және орта бизнес аймақтық қауымдастықтарының, шағын несиелік ұйымдардың өкілдері жауап беруде. «Бұл бір рет өтетін акция емес. Облыс тұрғындары осындай шараларға белсенді қатысуда. Осыған байланысты партия алдағы уақытта да жұмысты жалғастырмақшы. Жыл басынан бері ХДП-ның облыстық филиалына 2 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өту керек», - деді А.Мамытбеков.