«Бүгінгі таңда өңірімізде бензин тапшылығы жағдайы жоқ»,-деді облыс әкімі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Күніне онда АИ-92 маркалы 2,4 мың тонна бензин өндірілуде.
«Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек, өңірге отынды басқа да жеткізуші компаниялар тасымалдап жатыр. Осындай 22 тасымалдаушы облыста қызмет етіп жүр. Жалпы, өңірде 103 жанар-жағармай құю стансасы бар»,-деді Нұрлан Ноғаев.
Әкімнің айтуынша, АИ-92 бензині облыс аумағында 151-158 теңге аралығында саудалануда.