Мәжіліс депутаты сапар барысында Ақдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштерін тыңдады. Кездесу аясында Ақдала ауылының тұрғыны зейнеткер, ауыл биі Әбілда Аяпов өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Депутат сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласында бой көтеріп жатқан үш қабатты 108 пәтерлі үйдің құрылысын аралап көрді. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және уақытылы халықтың игілігіне берілуін қадағалауды тапсырды.
Халық қалаулысы тоғыз жолдың торабында орналасқан шағын қалада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді.