13 нысанның құрылысы 2015 жылдан өтпелі болса, 14 нысанның құрылысы осы жылы жаңадан басталды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында салынған 600 орындық екі мектеп 2016 жылдың мамыр айында пайдалануға тапсырылды.
ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарға тексерудің өзге де түрлерімен бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мердігер мекемелерге 16 нұсқама берді. Сонымен қатар, жұмысты уақытында орындамаған құрылысқа қатысушылар 9 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бүгінде кемшіліктер толығымен қалыпына келтірілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.