«Халықтық ІРО» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жайлы қала ұйымдарының, кәсіпорындарының және жұртшылығының өкілдеріне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының лекторы Ерлан Қылбаев айтып берді.
«Оған қатысушы кәсіпорындар - 10 ұлттық компания, - деп атап көрсетті лектор. - Бұл ел экономикасының ширек бөлігі, Қазақстанның стратегиялық активтері. Олардың арасында «ҚазТрансОйл», «KEGOC», «Қазақстан темір жолы» компаниялары бар, олар қыркүйек айында өздерінің акцияларын сатуды бастайды. Мәселен, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы сатуға өзінің 15 пайыз акциясын шығарады, оның әрқайсысы шамамен 10 мың теңге тұрады».
Е.Қылбаев ақсулықтардың компаниялардың кірістері, қаржыландыру көздері, акцияға дивидендтері және сақтандыру жөніндегі сауалдарына жауап қайтарды.