Нұротандықтардың бір тобы Түпқараған ауданында болып қайтты ? Маңғыстау

АҚТАУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/ - «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филалының бастамасымен құрылған ақпараттық-насихаттық топтар ауыл-аудандарда қызу жұмыстар атқаруда.

ҚР Президентінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіріп жатқан нұротандықтардың бір тобы кеше Түпқараған ауданында болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының қай Жолдауы да уақыт жүгін арқалап, оны жеңілдету жолдарын айқын да батылдықпен айғақтап береді. Осы тұрғыдағы елдік мүдде, ұлттық ресурс сынды маңызды мәселелерді бір мақсатқа жұмылдыру ? Елбасы саясатының басты түйіні. Биылғы Жолдаудың да маңыздылығы ? өтпелі кезеңдегі негізгі қадамдарды қамтып отырғандығы. Қазақстан азаматтары осыны терең ұғынуы тиіс», - дейді «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филалының бөлім меңгерушісі Есберген Іңірбайұлы. Нұротандықтардың мұндай кездесулері облыстың әр ауданында өтуде. Форт-Шевченко қаласында болған жиынға мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Насихатшылар тобы биылғы Жолдаудың міндеттері экономикаға негізделгендіктен, кездесуге өндірістік кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымын тартуды көздеп отыр.