Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы мұнай саласының өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. Кездесу барысында телекөріп ұйымдастырылып, Президент ірі нысандардың жұмысымен танысады. Сондай-ақ мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталады.

Одан басқа, Елбасы ірі мұнай компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.