Мемлекет басшылары фин павильонын аралап көрді. Бүгін көрме аумағында Финляндияның ұлттық күні атап өтілуде және бұл шара осы мемлекет тәуелсіздігінің 100 жылдық датасына орайластырылған.
Мерекелік шара барысында Саули Нийнистё екі ел арасында достық қарым-қатынастар қалыптасқанын, осы орайда Қазақстан Финляндияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі екенін атап өтті.
Сонымен қатар Астанаға Финляндиядағы ең танымал кейіпкер, яғни Лапландиядан Санта-Клаус арнайы келді. Ол павильон қонақтарын алдағы үш күн бойы қарсы алатын болады.