Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде орыс тіліне ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, Президент: «орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз», деп атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу салды. Мемлекет Басшысы барлығын, әсіресе жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды. Президент дәл ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді.
Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік тақырыбына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген балалар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп алған.
Мемлекет Басшысы бұл ретте мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Президент осындай мәлеметтерді айтып өтті: қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл - егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.