Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Ұзақ мерзімді болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа балама болмақ емес»

АСТАНА. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат – «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдары ауқымында ҚазАқпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресейлік «Известия» газетінде 2009 жылғы наурыздың 19-ында жарияланған «Еуразиялық одақ: теория ма, нақтылық па?» атты мақаласын таратады.

Еуразиялық экономикалық одақ: теория ма, нақтылық па?Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Ұзақ мерзімді болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа балама болмақ емес»Орнықсыз халықаралық саяси ахуал жағдайында өршіп тұрған жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс әлемдік басқарудың бүкіл жүйесінің кешенді түрде сыр бере бастағанын айғақтайды.Қаржылық индекстердің күйреуі, жұмыссыздықтың өсуі, компаниялар мен банктердің банкротқа ұшырауы жөніндегі күн сайын түсіп жатқан ақпараттық мәліметтер өзгерістердің шын мәнін дәйім дәл аша бермейді. Алайда, егер күнбе-күнгі таптаурын тірліктен бой созып қарай алсақ, әлемдік саясат пен экономикада жаһандық экономикалық жүйені реттеуге тұжырымдамалық көзқарастарды өзгертуді талап ететін тектоникалық ығыспалардың жүріп жатқаны айқын көрінеді. Қолданыстағы валюта-қаржы жүйесі туралыҚолданыстағы валюта-қаржы жүйесі ендігі жерде осы заманғы талаптарға жауап бере алмайды және орнықтылықтың бірде бір өлшеміне сәйкес келмейді.Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің қолданыстағы парадигматикасы осы заманғы геоқаржылық және ақпараттық технологиялардан көш кейін қалып қойған, бүгінгі әлемдік тәртіпке толыққанды қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды.Қазіргі жаһандық дағдарыстың негізінде де бүгінгі әлемдік валюта жүйесінің жетілдірілмегендігі жатыр. Әлемдік валюта эмитенті қызметінің рәсімі демократиялық сипатта емес. Әлемдік валюта сұранымы мен ұсынымының тепе-теңдік тетігі бәсекелестікке және еркіндікке жол ашпайды, ал валюта рыногының өзі өркениетті рынок санала алмайды. Әлемдік валютаның эмиссия жүйесі әлемдік қоғамдастық тарапынан бақыланбайды.Бүгінде әлемде жаһандық экономиканы реформалаудың тиімді моделін іздеу жүріп жатыр. Қазақстан өз тарапынан бұл мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. Ол жақында ?Российская газетада? жарияланған менің ?Дағдарыстан шығу кілті? атты мақаламда баян етілген. Біртұтас әлемдік валюта туралыБіздің ұсыныстарымызды қысқаша еске сала кетейін.БҰҰ қамқоршылығымен біртұтас әлемдік валюта жасауға кірісу керек. Барлық елдердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, легитимді болып табылатын есеп айырысудың біртұтас әлемдік ақша бірлігіне негізделген атымен жаңа ? жаһандық ? валюта жүйесіне көшу керек. Оны жасауға, эмиссиялауға және реттеуге барлық елдер қатысуға тиіс. Әрине, жаңа жүйеге көшу бірте-бірте жүзеге асырылуы керек.Осы заманғы әлемнің тағы бір маңызды үрдісі дүние құрылымының бір полярлы жүйеден көп полярлы жүйеге ауысуы болып табылады. Бүгінде әлемдік аренада дүние дамуына ықпал ететін жаңа орталықтар заңды түрде қалыптасып келеді.Экономикалық және саяси дамудың сан түрлі модельдері қатар өмір сүріп, бәсекеге түсетін жаңа тарихи кезең басталуда. Көп полярлылықтың дамуымен қатар өңірлену үдерісі күшейе түсетін болады. Тауарлар мен қызметтердің басым көпшілігі өндірілетін және тұтынылатын өңірлік рыноктар бой түзейді. Құрлықтық интеграциялық топтар қалыптасады.Бір географиялық кеңістіктің ішінде ұлттық экономикалардың қорғалуы жаһандық дамудың үрдісіне айналуда. Оның мысалдарын біз Латын Америкасында, Парсы шығанағы өңірінде, Шығыс Азияда байқап отырмыз. Одан бұрын бұл үдеріс Еуроаймақта басталған болатын. Жаңа стратегия керекОрын алып жатқан өзгерістер Қазақстанды және біздің ТМД-дағы жақын көршілерімізді таңдап алынған даму стратегияларын тағы бір рет салғастыра қарауға, Еуразия кеңістігіндегі жаһандық және өңірлік мүдделердің күрделі тоғысында өзінің орнын анықтауға итермелеп отыр.Достастық елдері тарихтың жаңа сынақтарына лайықты жауап табуға тиіс.Осыдан 15 жыл бұрын ? 1994 жылдың наурызында ? М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде мен Еуразия одағын құру бастамасын көтерген болатынмын.Мен ұсынған тұжырымдама ерікті, тең құқықты ықпалдастыққа, кеңестен кейінгі мемлекеттердің бірлескен саяси-экономикалық дамуына, ТМД елдерінің жаһандық әлемдегі алар орнын нығайтуға деген ұмтылысына негізделген еді. Бұл идеяны ол кезде жұрттың бәрі бірдей қолдай кеткен жоқ. Мүмкін, мұның өзі заңды да шығар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ТМД-ның барлық елдерінде көптен күткен егемендіктен елтушілік орын алған еді. Алайда, уақыт өте келе бұл идея өзінің көкейкестілігін жойған жоқ. Оны айтасыз, уақыт өткен сайын ТМД елдерінде саясаткерлер арасында да, қоғамдық ортада да кеңінен қолдауға ие бола бастады.Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуы ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, тағы басқа да бірқатар мемлекетаралық құрылымдардың қызметінен көрініс тапты.Бүгінде, Достастықтың барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы тұрудың жолдарын іздеп жатқанда, экономикалық мәселелерді жеке-дара шешу мүмкін еместігіне көз жеткен кезде тағдыр еуразиялық ықпалдастық тұжырымдамасының көкейкестілігін тағы да дәлелдей түсіп отыр. Қазір мен ұзақ мерзімді болашақта еуразиялық ықпалдастықтың баламасы болмақ еместігіне бұрынғыдан да нық сенімдімін. ?Игілік деген өзінің балаларын есі кете еркелететін мейірімді анаға ұқсайды?, ? деп ескерткен болатын Сенека. Бұрынғы қо¬лайлы сыртқы конъюнктураның тұсында Достастық кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістерін тежеп келген факторларға көбіне көп көз жұма қарадық. Бүгінде біздің бұлай етуге қақымыз жоқ.Мемлекеттеріміздің орнықты экономикалық дамуын біз тек бірлесіп қана қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі әлемдік дағдарыстың сал¬дарлары көптеген алданышты үміттерді үзіп отыр. Мұндай жағдайда сырттан көмек күтудің жөні жоқ. Кеше бізге қарайласқандар бүгінде өздерінің, әлдеқайда ауқымды мәселелерін шешуге мәжбүр. Өз жағдайымызды өзіміз ойламасақ, оны ешкім де ойламайды.Еуразиялық ықпалдастықтың үш өлшеміЕуразия одағын құру бастамасын ұсына отырып, мен бұл міндеттің ондаған жылдардың ішінде шешіле қалмайтынын анық білгенмін. Алайда, 15 жылдың өзінде талай шаруа атқарылды. Ең бастысы ? еуразиялық теориясы нақты істерге ұласа бастады.Бүгінде еуразиялық кеңістік ықпалдастығының үш өлшемі ? экономикалық, әскери-саяси және мәдени-гуманитарлық өлшемдері жайында айтуға болады.Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы ?азиялық? дағдарыстан кейін кеңестен кейінгі көптеген елдер өз экономикаларының әлдеқайда тығыз жақындасуы қажеттігін түсінді. Осының нәтижесінде, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық құрылды. Қазіргі таңда бұл мемлекетаралық ықпалдастық құрылымы өңірлік еуразиялық бірлестіктердің арасында ең келешегі кепілдісі саналады.ЕурАзЭҚ аясында тауарлармен еркін сауда жасау режімін құруға елеулі қадамдар жасалды. Мұның өзі Қоғамдастыққа мүше елдердің өзара сауда айналымының көлемін 3,5 есе, ал өзара инвестициялардың жалпы көлемін 5 есе жуық көбейтуге мүмкіндік берді.ЕурАзЭҚ аясында қаржылық ықпалдастықтың нақты тетіктері жасала бастады. Мысалы, Еуразиялық даму банкі бүгінде Қазақстандағы, Ресейдегі, Белоруссия мен Тәжікстандағы бірқатар жобаларды қаржыландыруда.ЕурАзЭҚ-тың Мәскеуде өткен ақпан саммитінде көлемі 10 миллиард долларлық бірлескен Дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялардың халықаралық орталығын құру сияқты серпінді жобалар қабылданды. Бұл құрылымдар Достастық елдерінің экономикасына әлемдік дағдарыс соққысын бәсеңсітуге қызмет етуге тиіс. ЕурАзЭҚ қамқоршылығымен нақты экономикалық жобалар талқыланып, қабылдана бастады. Мысалы, ортақ энергетикалық жүйе, бейбіт атом энергиясы өндірісі саласында біртұтас цикл құру, еуразиялық көлік магистральдарын салу, басқа да жобалар.Үш ел ? Қазақстан, Белоруссия мен Ресей ? Кеден одағын қалыптастырудың мәресіне жақындап қалды.Валюта одағын құру мүмкін бе?Келесі қадам ЕурАзЭҚ елдері¬нің валюта одағы және еуразиялық ұлттық ауқымнан жоғары тұратын есеп айырысу бірлігін құру болуы мүмкін.15 жыл бұрын мұның ешқайысы да жоқ еді. Әрине, алда талай шаруа атқаруға тура келеді. Алайда, мен құрылған құрылымдар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен ортақ ынтымақтастықтың келешекті көздеген мақсаттары бізді Еуразиялық экономикалық одақ құруға жақындата түсуде деп сенемін.Еуразиялық ықпалдастықтың екінші ? әскери-саяси өлшемі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты.Өткен ғасырдың аяғында 1992 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушылар бұл құжатты жаһандық және өңірлік тұрақтылықтың жаңа қатерлеріне бейімдеді. Осылайша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы құрылды. Қазір ол өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Бір ай бұрын Мәскеудегі саммитте шұғыл іс-қимыл әскерлерінің ұтқыр өңірлік тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл солтүстік Еуразияның ауқымды өңірінің әскери қауіпсіздігін нығайтуда нақты қадам болды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесі, нығая түскен әскери-техникалық ынтымақтастық, ҰҚШҰ аясында елдердің әскери бөлімдерінің бірлескен жаттығулары ? осының бәрі қалыптасып жатқан біртұтас қорғаныс кеңістігінің құрамдас бөліктері. ТМД-ның лаңкестікке қарсы орталығының құрылуы да халықаралық лаңкестіктің қатерлеріне жауап болды. Біздің елдеріміздің құқық қорғау органдары трансшекаралық қылмыспен, есірткі трафигімен, жасырын көші-қонмен бірлескен күресті күшейте түсуде. Бұл да соңғы 15 жылда пайда болған еуразиялық ықпалдастықтың маңызды құрамдастары. Жалпыеуразиялық қауіпсіздіктің ?азиялық векторы? бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес секілді құрылымдарды қамтиды. Көптеген посткеңестік елдердің қолдауынсыз және белсенді қатысуынсыз олардың дамуы мүмкін емес еді. Жалпыеуразиялық қауіпсіздіктің ?еуропалық бағытын? біз ЕҚЫҰ қызметімен байланыстырамыз, біздің еліміз 2010 жылы оның төрағасы болуға әзірленуде. Қазақстанды бұл қызметке ТМД елдері ұжымдық тұрғыда ұсынды, сондықтан да біз үшін бұл құрметті миссия ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік те. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде біз планетаның ең үлкен материгі ? Еуразия ? халықтардың бейбітшілік пен өзара түсіністігінің ортақ кеңістігі болуына ұмтыламыз. Үшінші өлшем де бар, оның мәні бүгінде алғашқы тұрғыға шығып отыр. Ықпалдастықтың көшбасшылары ? инновациялар мен жастарЫқпалдастық ісінде тек президенттер мен үкіметтердің күш-жігері жетімсіз екені анық. Соңғы жылдары еуразиялық идеяны посткеңестік елдердің көптеген интеллектуалдары қабыл алды. Еуразиялық оқымыстылар клубы құрылған. Еуразиялық Медиа-форум мен Еуразиялық телевизия және радио академиясы ортақ ақпараттық кеңістіктің, Еуразиялық университеттер ассоциациясы ортақ білім кеңістігінің қалыптасуына жұмыс істеуде. Бүгін біздің міндетіміз ? бай интеллектуалдық мұраны молықтырып, жинақталған білімді бүкіл өңірдің инновациялық дамуына пайдалану. Оны жүзеге асыруға еш кідіріссіз кіріскен жөн. Сондықтан еуразиялық интеграцияның үшінші ? мәдени-гуманитарлық өлшемі әсіресе қазіргі кезеңде төтенше маңызды мәнге ие болады, ол, меніңше,мынадай бағыттар бойынша дамуы тиіс. Біріншіден, инновациялық дамуға тездетіп көшу. Біз ғылыми қоғамдастыққа осынау міндетті іске асыруға қолдау білдіруге тиіспіз. Нақ сондықтан да 2010 жыл ТМД-да Ғылым және инновация жылы деп жарияланды. Еуразиялық оқымыстылар клубы аясында ғылыми қызметкерлердің өзара ықпалдастығын дамыту керек. Жоғары технологиялар орталығы және Жоғары технологиялардың Еуразиялық банкі ТМД кеңістігіндегі барлық мүдделі зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа ашық болуы тиіс. Таяудағы уақытта зерттеулер мен бірлескен жобалардың, соның ішінде ғарыштық, нано- және ақпараттық технологиялардың, энергетика мен энергия сақтаудың зерттеулері мен бірлескен жобаларының нақты, барынша перспективалы бағыттарын анықтап алған жөн. Біздің елдеріміздің және әлемнің басқа өңірлерінің рыноктарына инновациялардың ілгерілеп кіруін ынталандыру тетігін ойластыру керек. Біз қазақстандық ғалымдардың Ресейде, Украинада, ТМД-ның басқа елдерінде жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларына қатысуын қаржыландыруға әзірміз. Екіншіден, бірлескен күш-жігермен білім беру саласын сапалық жаңа деңгейге шығару ? іс жүзінде біртұтас еуразиялық білім кеңістігін құру керек. Мәселен, Қазақстан жоғары білікті мамандар әзірлеуге басымдықпен көңіл бөліп отыр. ?Болашақ? бағдарламасының аясында ғана біз жыл сайын әлемнің жетекші оқу орындарына үш мың студентке дейін жіберіп отырмыз. Қазіргі кезде бағдарламаның Ресейде 422 стипендиаты, Украинада ? 28 стипендиаты оқиды. Ресейде барлығы 12 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр. Қазақстандық жоо-лар өз кезегінде ТМД елдерінің студенттеріне ашық. Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның азаматтары үшін біз жыл сайын оқуға квоталар бөлеміз. Еуропа одағында ?Эразмус Мундус? бағдарламасы орасан танымалдыққа ие болып отыр. Ол жоғары білім беру және студенттер мен аспиранттардың еркін қозғалысы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Біз Еуразиялық кеңістік үшін осыған ұқсас бағдарлама құра алар едік. Ол Лев Николаевич Гумилевтің атын алып жүре алар еді. Бәлкім, ТМД елдерінің жетекші жоо-ларында еуразиялық кафедралар? құру идеясын іске асыруға болар еді, бұл кафедралар осы бағыт бойынша маманданатын ғалымдар мен студенттерді біріктіре алар еді. Әріптестерге қажетті әдістемелік көмекті Еуразиялық ұлттық университет көрсете алар еді. Классик атап айтқанындай, ?дүние тұтастай алғанда алға жылжығанымен, жастарға әрдайым басынан бастауға тура келеді?. Сондықтан, үшіншіден, жастармен жұмысқа айрықша көңіл бөлу керек.Бұл бағыттағы күш-жігерсіз біздің азаматтардың жаңа ұрпағы халықтарымызды жақындастыратын байланыс жібін жоғалтып алуы мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. Оның үстіне, 2009 жыл ТМД жастарының жылы деп жарияланған. Біздің елдеріміздің арасындағы жастар айырбасының, жастар ұйымдары мен жастар көшбасшылары арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлі формаларына жүйелік негізде қолдау білдіру керек. Біздің университеттерде ТМД халықтарының тілдерінен сабақ беруді неге бастамасқа? Бұл бүкіл еуразиялық кеңістік мәдениетінің аса бай қатпары ғой, оны біздің артымыздан келе жатқан ұрпақ сақтайды деп үміттенемін!Төртіншіден, мәдени және тілдік саналуандықтың ортақ құндылықтары негізінде біртұтас еуразиялық біртектілікті қалыптастыру туралы ұмытуға болмайды. Бұл дегеніміз ? еуразиялық өлшемдегі түрлі мәдени жобаларды: фестивальдерді, шеберлік сыныптарын, көрмелерді, конференцияларды ілгерілету. Біздің қоғамдарда жоғары рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайту туралы ортақ қамқорлықтың айрықша маңызы бар. Бұл үшін тиісті бірлестіктер өкілдерінің кездесуіне үнқатысу алаңдарын құрған жөн. Бесіншіден, біздің елдеріміз азаматтарының еркін қозғалысын барынша қамтамасыз ету керек. Кезінде Қазақстан ?Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам бастамасын көтерді. Мен таяудағы уақытта біздің мемлекеттеріміз халықтарының еркін өзара ықпалдастығы үшін кедергілерді алып тастаудың барлық қажетті шараларын қолға алуға тиіспіз деп ойлаймын. Бұл ? шекаралардан еркін өту, барлық елдердің ақпарат көздеріне, білім беру және медициналық қызметке қол жетімділік ? біздің елдеріміздің әрбір жеке азаматы үшін былай қарағанда қарапайым, алайда іс жүзінде маңызды факторлар. Егер белсенді жеке тұлғалардың күш-қайратымен қуатталмаса, интеграцияның ең кемел саяси және экономикалық инфрақұрылымы іске қабілетсіз болып шығады. Нақ осы күш-қайрат мемлекеттерді мыңдаған берік тіндермен байланыстырып жатады. Осы күш-қайратты сақтап, дамыту ? біздің басты міндетіміз. Мен теңдікке, еріктілікке және прагматикалық мүддеге негізделген Еуразиялық қоғамдастықХХІ ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алатынына терең сенімдемін. ( ?Известия?, 2009 жылғы наурыздың 19-ы. «Егемен Қазақстан» газеті, 2009 жылғы наурыздың 21-і.