Фабрика жылына 8 миллион тонна кен өңдеу және 13-14,5 тонна алтын өндіру қуатына ие.
Мамандардың айтуынша, ТМД кеңістігінде мұншалықты көлемде кен өңдейтін фабрика жоқ. Карьерді игерудің жұмыс бағдарламасы 17 жылды құрайды. 2025 жылға дейін бұл жерде өндіретін кеннің жалпы көлемі 122 миллионнан астам тоннаны шамалайтын болады.