«ҚР Конституциясына сәйкес, Президент сайланғаннан кейін Мемлекет басшысына тікелей бағынышты басшылар да өз өкілеттіктерін доғарады. Бұл шеңберге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы да кіреді. Бізге оны қайта бекіту керек. Сондықтан Конституцияның 44-бабы, 4-тармағына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Нұртай Әбіқайұлының кандидатурасын ұсынамын»,-деді Мемлекет басшысы.
Осыдан кейін сенаторлар ҚР Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметіне Н. Әбіқаевты тағайындауына келісім беру жөніндегі Сенаттың қаулысы дауысқа қойылып, жиынға қатысқан 43 депутат қолдау білдірді.