Жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы қайшылық жалақыға қосылатын үстеме мөлешіріне келісе алмағаннан шыққан. Шахтерлер жалақының 14 пайызға (75 доллар) көтерілуін талап етсе, жұмыс беруші 8 пайыздан артық бере алмайтынын айтқан. Агенттіктің хабарлауынша, үш айдан бері созылған екіжақты келіссөздер еш нәтиже бермеді. Шеруге Exxaro және Glencore тау-кен өндірісінің жұмысшылары қатысып жатыр. Жалпы, аталған елде 90 мыңға жуық шахта жұмысшылары бар.
05:39, 05 Қазан 2015
ОАР-да 30 мың шахтер жұмыс берушімен келісе алмай шеруге шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында жексенбі күні көмір өндірісінде 30 мыңға жуық жұмысшы ереуілге шықты, деп хабарлады «РИА Новости» Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.