Облыс әкімдері өткен жылы ҮИИДБ аясында іске қосылған өндірістердің қызметі бойынша Үкіметке есеп береді

АНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Облыс әкімдері 2010 жылы Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өндірістердің қызметі бойынша Үкімет алдында есеп береді.

Бұл туралы бүгін өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттеріне арналған селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Алдағы сейсенбіде селекторлық форматта Үкімет отырысын өткіземіз. Онда екі мәселе қаралады»,-деді Үкімет басшысы.

К. Мәсімовтің сөзіне қарағанда, бірінші мәселе бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен өңір әкімдері 2010 жылы іске қосылған кәсіпорындар бойынша баяндама жасайтын болады. Атап айтқанда, олар бұл кәсіпорындардың қазіргі ахуалы жайында толық мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, екінші мәселе бойынша Премьер-Министр аталған министрлік пен әкімдер 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылатын өндіріс орындары бойынша есеп беруді тапсырды.