деді Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев облыс активінде сөйлеген сөзінде. Елбасы Жолдауының негізгі стратегиялық бағыттарына тоқталған әкімнің орынбасары, бұл құжаттың мазмұнына кеңінен тоқталып өтті.
Облыс активінің бүгінгі отырысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылауға арналды. Жиналған қауым Жолдауда айтылған түрлі әлеуметтік аспектілер бойынша - білім беру саласын дамыту, экономиканың қарқынды дамып отырған өнеркәсіптік секторы үшін кадрлар дайындау және т.б. мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
«Жаңа Жолдау Қазақстан жастары үшін жаңа көкжиектер ашып отыр», деді облыстың жастар ұйымдарының өкілі Айбек Әжібаев.