ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов еркін күрестен биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдулхаким Шапиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс басшысы батысқазақстандық балуанды осынау жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.
Таяуда Мәскеу қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақстандықтар арасынан еркін күрестен ерлер арасында жалғыз жүлдеге қол жеткізген А.Шапиевтің ендігі мақсаты - Қытайдың Гуанчжоу қаласында болатын жазғы Азия ойындарында топ жару.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).