ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мамырдың 8-інде соғыс және еңбек ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс басшысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, бұл келешек ұрпақ үшін де ескірмес өнеге болып қала беретінін атап өтті. Майдангерлер Бисен Жұмағалиев, Қадыр Ғайсин, Хамза Сафин ардагерлерге Елбасы мен Үкімет, облыс басшылығы тарапынан ұдайы қамқорлық жасалып отырғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).