Облыс басшысы танымал әншімен кездесті

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов елге танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония солисі Жұмағаным Рахимованы қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуде өңірде мәдениет пен өнердің дамуы, әсіресе, ән өнерінің қазіргі жай-күйі туралы әңгіме болды. Осыған орай екі мәрте Президенттік сыйлықтың иегері Ж.Рахимова өз ойларын ортаға салды. Облыс басшысы танымал әншіге мәдениет пен өнерді қолдау бағытында қолға алынып жатқан ауқымды шаралар жөнінде әңгімелеп, әншінің кезекті шығармашылық концертінің табысты өтуіне тілектестігін білдірді.