ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай Ақ Жайыққа арнайы келген ақынның жары Софья Мәлікқызы бастаған отбасы мүшелерімен кездесті.
Жылы шырайлы өткен кездесу барысында облыс басшысы Жұбан тойын өз дәрежесінде өткізу жерлестері үшін де үлкен мәртебе екенін атап өтті. Ал ақын жырына дем берген Софья мен ұлдары Қуандық пен Азамат, келіндері Айгүл мен Сағадаттың сол тойдың құрметті қонағы болғаны олардың елге деген ықыластарының ерекше екенін білдіретінін айтты.
Ақынның жары Жұбан тойын ойдағыдай өткізіп жатқан ел азаматтарына аса разы екендігін білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).