ОРАЛ. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 24 ақпанда облыстың 302 мектебінде білім беру сапасын анықтау мақсатында 4- және 9-сынып оқушылары арасында мемлекеттік аралық бақылау сынағы өткізілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығы жасаған технология негізінде бақылаумен облыс оқушыларының 90 пайызы қамтылды. Төртінші сынып оқушылары бір ғана пән - математикадан емтихан тапсырды. Ал 9-сынып оқушылары сабақ орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінен, қазақтілді білім ордаларында орыс тілінен, сондай-ақ шетел тілінің бірінен, математикадан сынақтан өтті.
Бақылаудың алғашқы нәтижелері облыста он күннен кейін шығарылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).