Облыстық ғылыми жарыстарға павлодарлық оқушылардың 76 жұмысы жіберілді

ПАВЛОДАР. 16 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген ғылыми сайыстардың нәтижелері шығарылды. 112 зерттеу жұмысының 76-сы облыстық ғылыми жарыстарда қорғауға жіберілді, деп хабарлайды білім бөлімі.

«Үйірмелерде жұмыстар тартысты әрі қызықты өткізілді, - деп атап өтті әділ қазылар мүшелері. Балалар қазіргі заманғы ақпарат құралдарын еркін пайдаланып, өз жұмыстарында аймақтық деңгейдегі мәліметтерді көптеп қолданыпты. Олар өздерінің ғылыми жұмыстарының практикалық маңызын терең түйсініп, проблемаларды шешудің өзге жолдарын ұсынуда».