Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы пара алу үстінде ұсталды

ОРАЛ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 21-інде ҚР ҰҚК облыстық департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында жеке кәсіпкерге алкогольды өнімдерді өткізуге лицензия бергені үшін БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық байланыс және лицензиялау бөлімінің бастығы Р.Әділовты 300 мың теңге көлемінде пара алу үстінде қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.