Облыстық «Орал өңірі» газетінің 90 жылдығына арналған шаралар биыл да жалғасуда

ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің 90 жылдығына арналған шаралар биыл да жалғасуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы мерейтой аясында балалар шығармашылығына арналған бәйгенің қорытындылары шығарылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байқау барысында жеті аталым бойынша үздіктер анықталып, облыс өңірлерінен келген жас талапкерлер дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерін біріктіретін «Жайық Пресс» ЖШС тоқсан жылдық аясында Орал өңірі аруларының байқауын да мәреге жеткізуді ойластырып отыр.