Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасында іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тексерісін жүргізу ұйғарылып отыр. Оның нәтижесі бойынша оларды біріктіру, құрылымдау немесе тарату жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
«Атап айтқанда, Өңірлік даму министрлігі оңтайландыру мәселесін пысықтауда, жеті салалық бағдарламаны біріктіретін бірыңғай өңірлік даму мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады», деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, мұндай ұстаным шығыстар бағыттарының қайталануын барынша азайтуға және анағұрлым нақты нысаналы индикаторлар мен бағдарламалардың тиімділік көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіндік береді.