Тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақыт 3.00-терде, Янгстаун қаласының сыртындағы студенттер жатақханасында болған кеште орын алған.
«Қазір студенттердің өміріне ешқандай қауіп жоқ, бірақ қауіпсіздік мақсатында университет күзеті қосымша шаралар қабылдап отыр», деп мәлім етті полиция өкілі.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті ешкім ұсталған жоқ.