Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Марқұм ана қылмыскер баланы өткен жылы жазда облыстық балалар үйінен өз қамқорлығына алған болатын. Бірақ отбасылық өмір жасөспірімге аса ұнамаған. Соның нәтижесінде бала мен ана арасында тұрмыстық жанжал жиі болып тұрды. Ақыр соңында жасөспірім анасынан өшін алып, оны қызымен қоса өлтіріп тынды» делінген баспасөз хабарламасында.
Балалы әйелдің ұйықтағанын күтіп түнде жататын бөлмеге жасырынып кірген жасөспірім екеуін де балталап тастаған. Қылмыс жасалған жерден бойтасалап кетіп қалған балғын қылмыскерді келесі күні полиция қызметкерлері қолға түсіріп, кейіннен сот оны қамауға алу туралы үкім шығарды.