Нақтыланған ақпараттарға сүйенсек, осы оқиғадан кейін қалалық ауруханаларға зардап шеккен 40-тан астам адам жеткізілген. Олардың ішінде жас балалар мен егде адамдар да бар. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алғандар, олар алғашқы көмектен кейін үйлеріне қайтарылды. Ауруханада ауыр және өте ауыр деңгейде жарақат алғандар ғана қалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, рульді 25 жастаға әйел басқарған. Оған мас күйінде көлік жүргізді деген айып тағылды. Жергілікті билік болған оқиғаны қала тарихындағы ең жантүршігерлік трагедия деп атады.