ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып облыс әкімі қызметіне таяуда кіріскен Асқар Мырзахметов сайланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев филиалдың кезектен тыс 15-ші конференциясында партия мүшелері бүгін өз таңдауын жасағанын атап өтті. Жаңа сайланған төрағаны құттықтай отырып, «Сіз тәжірибелі саясаткер және әкімшісіз. Біздің партия мүшелері көп филиалдарымыздың біріне Сіздің жетекшілік ете алатыныңызға сенімдімін», - деді Д.Қалетаев. Оңтүстікқазақстандық филиалға мүшелер саны 76 792-ге жетті. Конференция жұмысы барысында партия белсенділері «Нұр Отан» ХДП 12-ші сьезіне облыстан баратын делегаттар кандидатураларына дауыс берді. Олар ? партияның жергілікті ұйымының лайықты өкілдері. Партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріпбек Жамалбек «Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудағы партияның үлесі: партиялық-ұйымдастыру және идеологиялық жұмыстардың аймақтық мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасады. Дархан Қалетаев өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған елді дамытудың басым бағыттарының жүзеге асырылуына партияның алар рөлі туралы тағы да саяси әріптестерінің есіне салды.