ОҚО әкімі Шымкенттің бас сәулетшісі мен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті жұмысын сынға алды

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкенттің бас сәулетшісін әрекетсіздігі үшін сынға алды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің (МСҚБ) басшылығы мен сәулетшілердің берген есебі Оңтүстік өңір басшысының наразылығын тудырды. Әкімге қала көшелерінде орналасқан сауда нүктелерінің сыртқы келбеті ұнамаған. А.Мырзахметов «Шымкентте мәдениет жоқ және ғимараттар сәулет стиліне сәйкес келмейді» деп мәлімдеді.

ОҚО-ның әкімі мемлекеттік құрылым шенеуніктерін ғимараттардың сыртқы келбетін тәртіпке келтіруге шақырды. Аймақ басшысы жалпы алғанда облыстық МСҚБ және қалалық сәулет бөлімінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп атады.