Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпек.
Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция соңғы сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
«Осы 8 жыл ішінде республика бойынша 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде түрлі тақырыпта қамқорлық акциялары өткізіліп, жалпы саны 21656 балаға материалдық көмек берілді. Оның 12918-не бюджет қаражаты есебінен бір жолғы мектеп жабдығы берілсе, қалған 8738 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек берілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған 21 мыңнан астам оқушыға 230 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды» - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Жүсіпова хабарлады. Ғ.Жүсіпова.