ОҚО-да 7 айда 700-ден астам құқық бұзушылық фактілері тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.

Учаскелік полиция инспекторлары жүргізген рейдтік шара барысында қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу бойынша 183 жайт және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң келу фактісі бойынша жетпіс алты  жайттарды анықтаған.  Осы өңірдің тәртіп сақшыларымен  белгіленбеген орындарда сауда жасау жайттары бойынша 99 хаттама толтырылған.

Сондай-ақ осы кезеңде  Оңтүстік Қазақстан облысы  Төлеби аудандық ішкі істер басқармасының ювеналды полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 149 факті анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек,  Оңтүстік Қазақстан облысы  Төлеби аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Бұл орайда жергілікті учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында жалпыға ортақ этиканы ұстануды және әкімшілік құқық бұзушылықтың жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырады.