Мамандар алаңдаушылық білдіруде. Ботулизм - ауыр уытты инфекциялық ауру, оның салдарынан нерв жүйесі зақымданады. Ботулизм күтпеген жерден басталады. Науқастың аузы кеуіп, бұлшық еті әлсірейді, көздің көруі нашарлайды. Науқастың көзі бұлдырап, оқи алмай қалуы мүмкін. Тағамды жұтуы да қиындайды.
Көзінің қарашығы кеңейіп, тыныс алуы жиілейді. Ботулизм дұрыс дайындалмаған консервіленген өнімді тұтынғаннан болады. Аурудың белгісі байқалса, мамандар бірден медициналық көмекке жүгінуге, өз бетімен ем қабылдамауға кеңес береді. Бұл ауруды ерте кезеңде анықтап, емдеген маңызды.