Сот отырысында анықталғандай, азамат А.С. білім беру бөлімінің бухгалтеріне өзіне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша оң шешім қабылдап, көмек беру өтінішімен жүгінген.
Білім беру бөлімінің қызметкері Х.К. мемлекеттік сатып алуға жауапты бола тұра, белгіленген уақытта А.С.-дан сұраған 100 000 теңгесін алған. Сотталушы Х.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен ұсталып, одан 100 000 теңге тәркіленді.
Сотталушы Х.К. мүлкі тәркілене отырып, 3 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.