Банк қызметкерлерінің пайымдауынша, белгісіз адамдар ғимаратқа жертөле арқылы кіруі мүмкін. Сейфтен екі миллион жарым теңгеге жуық қаржы қолды болған. Жедел қызметкерлер кассир мен банк күзетшісі қызметіне салғырт қарап, дабыл жүйесін қоспағанын анықтады, ұрылар оны өз мақсаттарына пайдаланған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 175-бабымен «Аса ірі көлемдегі ақша ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамдар іздестірілуде. Қазіргі кезде өз міндеттеріне салғырт қараған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдануда. Тергеу амалдары жүргізілуде.