18:38, 09 Сәуір 2009
ОҚО-да битум өндіретін зауыт іске қосылды
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ОҚО-ның Төлеби ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдағы маусымның 1-іне дейін «Битум» ЖШС-і кәсіпорынның жобалық қуатын тәулігіне 500 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Оңтүстік Қазақстанда осы материалға сұраныс жылына 20 000 тонна құрап отыр. Ал бүкіл республика бойынша бұл көрсеткіш ? 35 есеге дейін көбейе түседі екен. Оны құрылыста және жол жөндеуге пайдаланады. Битумның басым бөлігі шет елдерден әкелінеді. Дегенмен, оны алыс қашықтыққа тасымалдау тиімсіз. Өйткені битум ыстық күйінде тасымалдануы тиіс. Екі жыл бойына кәсіпорын газ және электр қуатына жалғануға техникалық рұқсат ала алмай келді. Зауыттың іске қосылуын тездетуге ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов ықпал етті. Оның араласуы арқасында мәселе өз шешімін тапты. Өндірушілер облысты шектелген бағадағы битуммен қамтамасыз етуге уәде берді.