ОҚО-да болған жол-көлік оқиғасында бір жасар бала қаза тапты

ШЫМКЕНТ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жасар бала қаза тапты, жеп хабарлады ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Түнде «Жібек жолы - Жетісай» тас жолында «ВАЗ-2107» маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 52 жасар Сарыағаш ауданының тұрғыны қарсы жолаққа шығып, көршілес Мақтаарал ауданының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-21099» көлігімен соқтығысып қалды. 

«Жол-көлік оқиғасынан «ВАЗ-21099» көлігінің ішіндегі бір жастағы бала ауыр дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, бірақ алған жарақаттардан есін жинамастан көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен. Екі жүргізуші және «ВАЗ-21099» көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.