Акцияның мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын аудару болып табылады.
«Біз - салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен өткен акцияға келген оңтүстікқазақстандықтар «Қажымұқан» орталық стадионының «Жеңіл атлетика» спорт кешеніндегі «Денсаулық қалашығында» арнайы дәрігер мамандардың кеңестерін алып, тегін диагностикалық тексерулерден өтті. Сонымен бірге, түрлі анализдер тапсырып, облыс орталығындағы фармкомпаниялар ұсынған өнімдерді көрді.
Айта кеткен жөн, республикалық шараның өту барысында бір мезетте еліміздің тұрғындарының қатысуымен «Денсаулық марафоны» өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.