ОҚО-да екі көліктің соқтығысуынан 3 адам опат болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент-Жетісай тас жолының Сарыағаш ауданындағы бөлігінде 'Мерседес-бенц 260Е' көлігі мен 'Урал-555' автомобилі соқтығысқан, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция мәліметінше, 32 жастағы "Мерседес" көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Бетпе-бет соқтығысу салдарынан "Мерседестің" жүргізушісі мен екі жолаушысы: 1983 жылы туған ер адам мен 1991 жылы туған қыз ажал құшты. Олар - Сарыағаш ауданының тұрғындары.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.