ОҚО-да колонияға жарты келідей марихуананы өткізбекке әрекеттенген, таяуда ғана түрмеден шыққан ер адам ұсталды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында колонияға жарты келіге жуық марихуананы өткізбекші болған, жақында түрмеден шыққан сотталушы ұсталды,

 деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.

 Түн ортасында колонияның іргелес аумағында түзеу мекемесінің қызметкерлері негізгі қоршаудан ішінде жасыл түсті өсімдік заты бар екі пакетті  лақтырмақшы болған 26 жастағы ер адамды ұстады. Сот-химиялық сараптама оның салмағы 500 грамға жуық есірткілік заттар екенін анықтады.

 Ұсталған азаматтың осы түрмеде мерзімін өтеп, одан небәрі үш ай бұрын ғана шыққаны белгілі болды.

 Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдануы үшін қылмысты тексеру органдарына жіберілді.