6 қаңтар күні аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне «Құтыру» диагнозымен 16 жастағы жігіт жеткізілді.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 14 қаңтар күні түнгі сағат бір шамасында науқас көз жұмды, диагноз расталды. Онымен қатынаста болған 12 адам медициналық бақылауға алынды және антирабикалық емдеуден өтуде.