Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Аталмыш қылмыс бойынша Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті сыбайластарымен бірге келісіп, жәбірленушінің әл-ауқатты екенін біліп алған. «Қылмыскерлер үйге кіріп, отбасын ұрып-соғып, байлап тастап, сейфтен алтын бұйымдар мен 9 млн. теңге қаржы ұрлап кеткен»,-деді ресми өкіл. Содан кейін «Мерседес» автомашинасымен іздерін суытқан. Алайда олардың көлігі Ордабасы ауылының аумағында аударылған көрінеді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысушыларды іздестіріп, қамауға алу бойынша шараларды қабылдауда.