ОҚО-да мүгедектер мен жетім балаларға өз ісін бастауға үстемесі төмен несиелер берілмек

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биылғы жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл тұрғындарына 3 млрд. теңге несие ретінде беруді жоспарлап отыр. Несиелердің көбісі - 92,9% - агроөндіріс кешеніне бағытталды.

Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бағдарлама бойынша шағын несиелерді жартылай жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, өзін өз жұмыспен қамтитын, төмен қамтамасыз етілген мектеп түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтаған мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санынан ҚР азаматтары ала алады. Несиелер сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруға беріледі. Бір адамға ең жоғары қарыз сомасы - 3 млн.теңге, сыйақы үстемесі - жылына 6% (тиімді үстеме - 6,7%), несиелеу мерзімі - 54 айдан аспайды.